Футболдан Әлем чемпионатына қанша қазақстандық барғаны белгілі болды

0
4

Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионатының ойындарын тамашалауға Қазақстаннан 10 мыңнан астам жанкүйер барған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

«Ресейдің 11 қаласында футболдан Әлем чемпионатының матчтары өтті. Осы кезең барысында жанкүйер паспортын ресми алған 10 мыңнан астам қазақстандық келді», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Ресей алғаш рет футболдан Әлем чемпионатын өткізді. Ойындар 14 маусым-15 шілде аралығында Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Төменгі Новгород, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Екатеринбург және Сочи қалаларында болды.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ