Футболдан Әлем чемпионатының үздіктері анықталды

0
4

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы әрі команда капитаны Лука Модрич Ресейде өткен әлем біріншілігінің ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Life.ru
Жеті ойында екі гол салып, командаластарын рухтандырған «Реал» ойыншысы «Алтын доп» иегері атанды. «Күміс допты» Бельгия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Эден Азар алды (алты ойында үш гол), «Қола медаль» — франциялық сұрмерген — Антуан Гризманға тиді (жеті ойында төрт гол).

Жарыстағы ең үздік жас ойыншы атағына Франция құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Киллиан Мбаппе лайықты деп танылды. ӘЧ-2018 жарысының үздік қақпашысы атағын Бельгия құрамасының ойыншысы Тибо Куртуа алды.

Әлем біріншілігінің финалы Мәскеудің «Лужники» стадионында өтті. Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ