Головкин-Альварес жекпе-жегіне бүкіл әлемнен жанкүйерлер келеді

0
0

Әлем чемпионы WBA Super, WBC және IBO Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қыркүйек айында Мексиканың спортшысы Сауль Альвареспен жекпе-жегі өткізілетін аптада қандай атмосфера болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин мен Альварес. Фото: ашық дереккөзден
«Лас-Вегаста үлкен шу болады! Головкин мен «Канело» әуесқойларының үлкен халықаралық жанкүйерлер базасы бар. Сондықтан, олар өз қалаларынан Лас-Вегасқа ұшатын болады. GGG жанкүйерлері Ұлыбританиядан, Австралиядан, Германиядан, Франциядан, Польшадан ұшып барады.
Головкиннің поляк жанкүйерлері көп. Олар да оның стилін жақсы көреді. Әрине, Қазақстаннан да жанкүйерлер барады. Барлық осы атмосфера тірі және PPV керемет болады»,- деді Леффлер The Boxing Rundow сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, «Канело» – GGG екінші кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena 15 қыркүйекте өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ