Головкин бір жылда қанша табысқа кенелді?

0
3

Forbes жылдың ең табысты спортшыларын жария етті. Геннадий Головкин тізімде 72-орынға жайғасқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы forbes.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Sputnik Казахстан

Боксшы 12 айда 25 млн доллар табысқа кенелген. 23 миллионды Головкин мексикалық «Канеломен» және америкалық Ванес Мартиросянмен өткен жекпе-жегінде алса,тағы 2 млн жарнамадан түскен.

Оның қарсыласы «Канело» 15-ші орынға жайғасқан. Спортшының табысы 44,5 млн доллар деп бағаланып отыр.

Тізімде АҚШ боксшысы кіші Флойд Мейвезер көш басына орналасты. Оның табысы — 285 млн доллар.

Алғашқы үздік ондыққа Лионель Месси, Криштиану Роналду, Неймар, Конор МакГрегор, ЛеБрон Джеймс пен Стефен Карри, Роджер Федерер кірген.

 

.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ