Головкин чемпиондық белбеуін Назарбаевқа сыйлады (фото)

0
4

Кәсіпқой бокстан WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің чемпиондық белбеуінің бірін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Baq.kz

Мемлекет басшысы Геннадий Голвкинмен кездесуде онымен қазақстандықтардың мақтанатыны және кәсіби спорттағы жетістіктеріне таңдай қағатыны туралы айтты.

«Отандастарың сенің жекпе жектеріңді жібермей қарайды. Қазақстанды лайықты түрде танытып жүрсің, Отаныңды ұмытпайсың және үнемі ол туралы айтып жүресің. Біз сенімен мақтанамыз. Сені қыркүйекте маңызды жекпе жек күтіп тұр. Қазақстандықтардың атынан саған табыс тілеймін», — деді Назарбаев.

Головкин болса Қазақстан Президентіне өзінің чемпиондық белбеуін сыйлады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Геннадий Головкинді «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ