Головкин The Ring рейтингінде көш бастап тұр

0
0

Бокс туралы The Ring сайты салмақ дәрежесіне қарамастан әлем бойынша үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Tengrinews

Бірінші орында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қалды. Екінші болып украиналық спортшы Василий Ломаченко және одан кейін үшінші орында америкалық Теренс Кроуфорд тұр.

Ең үздік он боксшы:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)
2 (2). Василий Ломаченко (Украина)
3 (3). Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4 (4). Александр Усик (Украина)
5 (5). Майки Гарсия (АҚШ)
6 (6). Наоя Иноуэ (Жапония)
7 (7). Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд)
8 (8). Эррол Спенс (АҚШ)
9 (10). Донни Ньетес (Филиппин)
10 (-). Лео Санта Круз (Мексика).

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ