Huawei телефон сатылымы бойынша Apple-ді басып озды

0
0

Қытайлық Huawei компаниясы 2018 жылдың екінші тоқсанында смартфондарды жеткізу көлемі бойынша бірінші рет Apple-дің алдына шықты. Мұндай деректі International Data Corporation (IDC) консалтингтік компаниясы келтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Regnum.ru порталына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Huawei 54,2 млн смартфонды сатып үлгерген, ал Apple компаниясының iPhone смартфонының көрсеткіші 41,3 млн. Осылайша қытайлық компания әлемдік нарықтың 15,8% үлесін иеленген, американдық компания – 12,1%. Оған қоса Huawei қытай смартфон нарығының 27% иеленіп рекордтық көрсеткішке қол жеткізген.

Бұл сегменттегі көшбасшы Samsung болып отыр, ол 71,5 млн смартфонды сатылымға шығарып, нарықтың 20,9% иленеуде. Huawei мен Apple-ден кейін Xiaomi және Oppo компаниялары тұр.

Екінші тоқсанда смартфондардың жалпы жеткізілімі 1,8% қысқарып – 342 млн бірлікті құраған.

ИА REGNUM хабарлағандай, Apple компаниясының тоқсандық сатылымнан түскен кірісі 53,26 млрд құраған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17% жоғары.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ