Илья Ильин өзіне қолдау білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді

0
2

Ауыр атлет Илья Ильин өзіне қолдау білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап UZYN.KZ.

Фото: Илья Ильин

Өзінің үлкен спортқа қайтып келетіні туралы айтқан спортшы осы уақыт бойы өзіне қолдау білдіргендерге алғыс білдірді. Өзімнің сүйікті ісіме қайтып келгеніме қуаныштымын, дейді Ильин.

Сондай-ақ, Ильин басынан өткен қиын күндерде мемлекет басшысының айрықша рөлін атап өтті.

«Бүгін өзімнің рухани әкеме – мемлекетіміздің Президентіне алғыс білдіргім келеді. Былтыр қатты қиналып жүргенімде, біз ЭКСПО-да кездесіп қалдық. Ол маған: «Бәрі дұрыс. Сен – мен үшін чемпионсың. Уайымдама. Бәрі жақсы болады, саған сенемін», – деді. Мен үшін қиын уақыттарда осы қарапайым қолдау сөздері алға қарай жылжуыма ынталандырды. Нұрсұлтан Әбішұлы – мен үшін тек мемлекет басшысы емес, сонымен қатар рухани жақын адамым. Мен бақыттымын, себебі Нұрсұлтан Әбішұлы мені еңбегім үшін бағалайды», – дейді спортшы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ