Индонезиядағы жер сілкінісінен он адам мерт болды

0
1

Индонезияның Ломбок аралында болған күшті жерсілкінісінен мерт болған адамдар саны онға дейін өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Адамдардың өліміне нақты не себепші болғаны анықталмаған. Агенттік кем дегенде тағы 20 адамның зардап шеккенін хабарлады.

6,4 магнитудасындағы жер сілкінісі жексенбі күні сағат 6.47-де Индонезияның Ломбок аралында болған. Бұл жер Ринджани вулканына жақын әрі туристер арасында кеңінен танымал Бали аралы да осы маңда. Ошақтың тереңдігі – 7,5 шақырым.

Индонезияның геофизика және метеорология агенттігінің дерегінше, жер сілкінісінен кейін кем дегенде 11 афтершок болған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ