Ит балаларды улы жыланнан құтқарып қалды

0
0

Флоридада ит өз иесінің аулада ойнап жүрген үш баласын улы жыланнан құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі news.rambler.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Иесінің айтуынша, ит өзін оғаш ұстап, әрлі-берлі сенделіп жүрген.

«Мен мән-жайды түсіну үшін жан-жағыма қарап едім, АҚШ-та өмір сүретін ең ірі улы жылан – бір жарым метрлік улы ромбикалы ысылдағыш жыланды көрдім», — дейді үш баланың әкесі.

Ромбикалы ысылдағыш жыланның уы өте қауіпті. Дәл осы жылан шағып алған жағдайда өліп қалу қаупі 10-30%. Флоридада бұл жыландар көп таралмаған.

Ит иесі балалары үнемі аулада ойнайтынын, тұңғыш баласы төрт жасқа да толмағанын айтты.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ