Италияда көпір құлап, 35 адам мерт болды

0
0

Италияның Генуя қаласында көпір опырылып, 35 адам опат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Фото: Tengrinews.kz

Құрбандар арасында кішкентай бала да бар. Тағы 7 адам түрлі деңгейде жарақат алып, олардың бесеуі ауыр халде жатыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес 10 кісі — іс-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Осыған дейін 22 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған болатын.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, алып көлік өткелі үйлердің үстіне құлаған. Нысандардың ішінде әзірге қанша адам болғаны белгісіз. Апат болған аумақта қозғалыс тоқтатылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Көпірдің құлауына жөндеу жұмыстарының тиісті дәрежеде жүзеге аспауы мен қызмет көрсету сапасының төмендігі себеп болған. Бұл туралы Италияның көлік және инфрақұрылым министрі мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ