«JETISY STYLE» облыстық жастар фестивалінде Жамбыл ауданы жастары топ жарды (фото)

0
10

Тамыз айының 16-шы жұлдызында Талдықорған қаласында Қаратал өзенінің жағалауында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қатысуымен халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «JETISY STYLE» атты облыстық жастар фестивалі өтті. Фестивальға Жамбыл ауданының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, қошеметке ие болды деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Атаулы фестиваль өте жоғары деңгейде өтіп, тек бір өнер түрі ғана емес, түрлі жанр бойынша өнерлі жастар бас қосты. 

Атап айтатын болсақ, домбырашылар оркестрінің өнеріне ауданымыздан 7 домбырашы қатысты, поэзия кешіне Самидин Тоғжан Берікқызы ал
фото байқау бойынша Нұрманбек Нұрсұлтан қатысып, 3-ші орынды иеленді.

Жеңімпаздарды өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы арнайы сыйлықтар мен дипломдармен марапаттап, фестивальдің соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ