Кәрібаев музейінде «Нар тұлға» кітабының тұсаукесері болып өтті

0
29

Қазан айының 17-сі күні Үмбетәлі Кәрібаев музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында музейдің алғашқы құрушыларының бірі, профессор, марқұм С.Мұсабековті еске алуға арналған «Нар тұлға» атты музейдің шығармашылық тобымен шығарылған шағын кітаптың тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Uzyn.kz

Жиынға ҚР көркем академиясының президенті, академик-суретші ҚР мемлекет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері әлем таныған өнер иесі Ақанаев Амандос және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР көркем академиясының академигі Мүсәпір Жанұзақ, ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, академик-суретші Нағысбеков Анарбек және Жамбыл ауданының өнер иелері, Үмбетәлі ақын мен С.Мұсабековтің ұрпақтары қатысты.

Әдемі өткен жиын барысында жылы лебіздер айтылып, соңынан еліміздің мәдени мұрасына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтар ҚР көркем академиясының дипломдарымен және «Ұлы елдің тарандысы» медальдарымен марапатталды.

Фото: UZYN.KZ

Аталған медаль Ұлы даланың мәдениетіне, тарихына, ұлттық өнеріне қосқан үлесі үшін белгілі тұлғаларға және мәдени мекелерге беріледі екен. Осындай диплом мен және медальды Ү.Кәрібаев музейіне және музей меңгерушісі, айтыскер ақын, суретші-ұстаз Ә.Ысқақовқа академик А.Ақанаев өз қолымен табыс етті.

Сол сияқты музейге әлемдік бейнелеу өнерінде өзіндік орны бар суретші Бубэ Нэллидің «Үлкен көш» атты туындысын сыйға тартты.

Бубэ Н. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ұлттық нақышта жазатын белгілі суретші. Кеш соңында «Нар тұлға » атты естелік кітаптың тұсауы кесілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ