Кәсіпкерлерді қолдаймыз: Бағдат Әлиев Қарғалыдағы зауытқа арнайы барды (фото)

0
3

Бүгін аудан әкімі Бағдат Әлиев Қарғалы ауылындағы «Қарғалы 1» ЖШС жүн қабылдайтын кәсіпорнымен танысып, зауыттың жұмыс барысын көріп қайтты деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданының әкімдігі

Кәсіпкерліктің дамуы — елдің әл — ауқатының артуына тікелей байланысты екені мәлім.
Атап айтар болсақ, жобаның сметалық құны — 380 млн теңге. 74 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорында орташа жалақы сомасы — 80 мың теңге, ал жоғарғы жалақы — 250 мың теңгені құрайды.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданының әкімдігі

Жұмысшыларға жеке асханадан тегін тамақ беріледі.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданының әкімдігі

Атаулы кәсіпорынның басшысы — Сыдық Ақбаровтың айтуы бойынша, зауыт ақ болсын, қара болсын барлық жүнді қабылдай береді, ақ қойдың жүнін 1200 теңгеден, қара қойдың жүнін 100 — 150 теңгеден, ал жартылай биязы қойдың жүнін 350 теңгеден қабылдайды.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданының әкімдігі

Дайын өнімді Ресей мен Қытай елдеріне келісім арқылы жөнелтіп отырады.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданының әкімдігі

Мұндай салмағы бар қарапайым халыққа жақсылығы тиетін кәсіппен айналысатын азаматтарды қолдауға, қажетті көмек көрсетуге мемлекет әрдайым дайын!

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ