KADEX көрмесінде отандық компаниялар әскери техниканың жаңа үлгілерін көрсетеді

0
6

V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінде қазақстандық компаниялар шығарған әскери техниканың 57 бірлігі мен әскери мақсатта қолданылатын 162 өнімі қойылады, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: BAQ.KZ
«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «КАЕ» ЖШС көрмеде жауынгерлік модульдердің жаңа түрлерін, электронды-оптикалық құрылғыларды, мобильді бағдарламалық-аппараттық кешенін, ал «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» компаниясы әртүрлі тікұшақ модельдерін таныстырады.

С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты полигон жабдықтарын, байланыс құралдары мен жаңғыртылған командалық штабтық машиналарды, «Тыныс» АҚ күштік құрылымдарға арналған амуницияны әрі автокрандар мен арнайы техниканы көрсетеді.

«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ 10-нан астам жүк және арнаулы техниканы, «Қазақстан инжиниринг-811 автожөндеу зауыты» брондалған медициналық тасымалдағыш эвакуаторын көпшіліктің назарына ұсынады.

Сондай-ақ «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС көрмеде жаңа модельдегі бронды машиналарды қояды. Кәсіпорын «Барыс» бронды машинасының 6×6 және 8×8 формуласындағы үлгілерін әрі 4×4 формуласындағы «Арлан» және «Алан» оқ өтпейтін әскери машиналарды көрсетуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Семей Инжиниринг» АҚ әскери көрмеге жаңартылған және конверсиялық брондытехниканың жаңа үлгілерін, ал «Семей машина жасау зауыты» автомобильдер мен арнайы техниканың үлгілерін шығарады.

«Зенит» Орал зауыты» АҚ және «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты көпшілікке жаңа қайықтар мен навигациялық жабдықтар мен сүңгуір техникасын ұсынады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ