KASE таңғы сессиясы: Елімізде доллар қымбаттап, теңге құлдырай түсті

0
3

KASE таңғы саудасының қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларына 349,44 теңгеге дейін құлдырады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Фото: Baq.kz

Кеше күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллар 348,38 теңгені құрады. Ең минималды баға 348,95 теңге болды, ең жоғары баға 349,73 теңгеге жетті.

Сауда көлемі 68,3 миллион долларды құрады. Kurs.kz деректеріне қарағанда ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 349,5-350,7 теңге аралығында тұр.

Brent маркалы мұнайдың барреліне бағасы 72,7 доллар болды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ