Келер жылдан бастап ұялы байланыс операторларының қызметі арзандайды

0
3
Қазақстанда келесі жылдан бастап ұялы байланыс пен интернет бағасы төмендейді. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Фото: Газета Диапазон
«Қазақтелеком» 2019 жылдың 1 қаңтарынан жаңа тарифтік жоспар енгізбекші. Абоненттік төлемі – 3499 теңге, бұған дейінгі тарифпен салыстырғанда бес пайызға төмен. Оның ішіне 10 мегабит интернет, тегін телефон байланысы және «Алтел» мен «Tele2″ нөмірлеріне лимитсіз қоңырау шалу кіреді», — деді Тұяқов тарифтерді төмендету мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ, KazTransCom компаниясы да абоненттерді қосу қызметінің құнын 50 пайызға дейін төмендетіп, абоненттік төлемге 10 пайыз жеңілдік жасайды екен. Бұған қоса, интернет үшін абоненттік төлемді 15 пайызға арзандататын көрінеді.

Ал «Транстелеком» компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін қызмет құнын 5 пайызға төмендетуді ұсыныпты.

«Кар-Тел» компаниясы (Beeline) «Әлеуметтік» деп аталатын тарифтік жоспарлардың жаңа түрлерін ұсынған. Олар «Әлеуметтік», «Әлеуметтік плюс» және мұғалімдерге арналған тарифтік жоспар дайындауда.

Тұяқовтың сөзінше, Kcell де «Комфорт XS плюс» атты жаңа тарифтік жоспар енгізеді.

«Олар да ай сайынғы абоненттік төлемді ескере отырып, тарифті 50 пайызға төмендетеді. Қазір құны 2590 теңге болса, енді ол 1390 теңгеге дейін түседі», — деді министрдің орынбасары.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ