Kiki Challenge флешмобы: қатысушыларға қатысты жаза қолданылады

0
2

Атырауда «Kiki Challenge» флешмобы белең алған. Оған қатысушылар жүріп келе жатқан автокөлік салонынан секіріп түсіп, әннің ырғағына билей бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: Zakon.kz

«Мұндай жағдайлар күннен күнге артып келеді. Оны әлеуметтік желілерден байқауға болады. Флешмоб қатысушылары жолдың ортасында тоқтап, жол ережесін бұзып қана қоймай, өзінің де, өзгенің де басын қауіпке тігеді.Осыған байланысты, Атырау облысының ІІД мұндай тәртіп бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тарту ісі қарастырылғанын ескертеді», -делінген баспасөз хабарламасында.

Полицейлер флешмобқа байланысты тәртіп бұзған азаматтар айыппұл төлейтінін немесе үш тәулікке қамауға алынатынын ескертеді.

Сондай-ақ, олар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылатын болады.

Еске сала кетейік, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде Kiki Challenge флешмобына қатысты пікір білдірген еді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ