Косметолог келіншектің асқан жауыздықпен өлтірілгені дәлелденді

0
0
Алматы облысында қатыгездікпен өлтірілген косметолог Батура Мамедованың ісіне қатысты сот үкімі шықты. 28 жастағы Жангелді Қобыланов 17 жылға, ал 27 жастағы Айдана Беренова 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Фото: Stan.kz

Азаматтық некеде болған айыпталушыларға қатысты сот үкімі шықты. Жангелді  Қобыланов пен Айдана Береноваға қарақшылық және адам өлтіру баптары бойынша айып тағылған. Олардың қылмысы толық дәлелденді.

«Жангелді Қобыланов қарақшылық және адам өлтіру бабтары бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі барынша күшейтілген колонияда өтесін. Айдана Беренова да аталған баптар бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда өтесін», — деп үкім шығарды Алматы облыстық мамандырылған ауданарлық сотының судьясы Айгүл Қасенова.

Айыпталушылар өз кінәларын мойындап, Батура Мамедованың туыстарынан кешірім сұрады. Өз кезегінде марқұмның туыстары сот шешімі «әділ өткенін» атап өтті.

 «Үш бала анасыз қалды. Берілген жазаға келісеміз. Бірақ бұл біздің қызымызды, немерелеріміздің анасын қайтып тірілітпейді. Дегенмен де темір торда отырып өздерінің ең ауыр күнә жасап, асылымыздан айырғанын түсінсе дейміз», — деді Б. Мамедованың туысы Гүлімзат Гадирова.

Алматы облысында мамыр айында сұлулық салонының қызметкері Батура Мамедова іс-түссіз жоғалып, денесі үш аптадан соң табылған еді. Кейін күдікті ретінде азаматтық некедегі р адам ұсталды. Қылмыскерлер мәйітті түні бойы көлігінде сақтаған. Марқұмның заттарының барлығын өртеп, алтындарын сатып жіберген. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ