Лифттегі журналист өлімі: механик шартты жазамен бостандыққа шықты

0
0

Ақтөбеде журналист өлімінен соң сот залынан тұтқынға алынған механик Жарылқасын Ақжанов бостандыққа шықты. Ол барлық моралдық шығынды өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Tengrinews

Ақтөбе облысында журналист Айзат Әбдісаматтың өлімінен соң қылмыстық іс сотта қаралып, «Жанабек Сервис» ЖШС-нің директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов айыпты деп танылды. №2 қалалық соттың шешімімен Кенен Жанабеков 4 жылға шартты түрде, Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсіріп, облыстық сотта шешім шықты.

«Жарылқасын Ақжановтың 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Сотталушы апелляциялық шағым түсіргенге дейін моральдық шығынды толық өтеді», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ