Мұхамедиұлы қазақы шапанды иығынан тастамайтын Головкинге рахмет айтты

0
3

Әлемдік бокс жанкүйерлері Геннадий Головкиннің ұлттық нақыштағы шапапына тамсана қарайтыны қуантады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Tengrinews

«Барлық әлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында спортшылардың эпикировкасына баса маңыз беріледі. Мен өзіміздің дизайнерлерге, спорттық киімдерді тігетін компанияларымызға зор алғысымды білдіргім келеді. Қазақстан құрамасы шыққан кезде жанкүйерлердің зор құрметіне ие болатындығын көреміз. Сондай-ақ өзге елдердің спортшылары да Қазақстанда киімнің дизайны жақсы дамығанын алға тартып, мақтауын жеткізіп жатады», — дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен бірге, министр қазақы нақыштағы киімге адал Геннадий Головкинге алғысын білдірді.

«Мен аты аңызға айналған Геннадий Головкинге рахмет айтқым келеді. Ол рингке міндетті түрде ұлттық нақыштағы шапанмен шығады. Айқас аяқталғаннан кейін міндетті түрде қайтадан шапанын киіп қайтады. Біздің ұлттық киімді көрген кезде кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді! Мұны көру нағыз бақыт дер едім», — дейді министр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ