Мұхиттағы пластик біз ойлағаннан да көп

0
1

Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сенсек, мұхиттағы пластик көлемі біз ойлағаннан да көп. Бұл туралы CNNхабарлады.

Фото: LifeGlobe

«Егер сіз көптеген пластиктерді жұтып өліп қалған киттерді көрсеңіз немесе дүкеннен шыққанда көп реттік пакет ұстап шыққаныңызға алаңдасаңыз, дұрыс істейсіз. Себебі жаңа зерттеу нәтижелеріне сенсек, мұхиттағы пластик саны біз ойлағаннан да көп және бұл проблема ушығып кетуі мүмкін», деп жазады басылым. 

Ғалымдар пластик қоқысты ең басты экологиялық проблемалардың бірі деп атайтыны белгілі. Себебі пластик ластану табиғат пен адамзатқа кері әсер етіп, зиян тигізеді.

«Nature Communications журналында жариялаған мақалада мұхиттағы макропластик қалдықтар көбейген. Зерттеуде  1990 жылдан бері бұл көрсеткіш күннен күнге артып жатқаны айтылған» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, бұған дейін жүргізілген зерттеуде 2010 жылы адамдар кесірінен мұхитқа 12,7 млн тонна пластик қалдық түскені анықталған.

«Ал соңғы төрт жылда әлемде пластмасс өндірісі төрт есе артқаны зерттеуге дәлел бола алады», дейді автор. Ал ғалымдар мақалада пластик арзан өнім болғанымен, оның салдары қымбатқа соғатынын айтқан. 



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ