Мәйітті кілемге ораған: Екібастұзда жантүршігерлік қылмыс жасағандар ұсталды

0
3

 Павлодар облысында 40 жастағы әйелді бауыздап, кейін мәйітті жасырмақ болған екі адам құрықталды. Ішімдіктен ұрттап алған олар қайғылы оқиғаға дейін бірге көңіл көтергенге ұқсайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл жағдай Екібастұздағы пәтерлердің бірінде болған. Оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз. Бір анығы, әйелді пышақтап өлтірген екеу оның денесін кілемге орап, қас қарайғанда сыртқа алып шыққан, деп хабарлады КТК.

Мәйітті қоқысқа тастап, іздерін суытпақ болғанда оларды осы маңда өтіп бара жатқан жергілікті күзет агенттігінің қызметкерлері аңғарып қалған. Сөйтіп, оқиға орнына полицейлер жетіп, 21 және 28 жастағы қос жігітті құрықтаған.

«Адам өлтіру» бабы бойынша айыпталған олар қазір уақытша қамау қапасында тергеліп жатыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ