Мәреде үлкен «тиін». Кезекті велошеруге 700-ге жуық әуесқой қатысты

0
1

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында кезекті велошеру өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

700-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары «Нұрлы Тау» БО алаңынан бастап Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакентке» дейін жүріп өтті. Велошерудің жалпы қашықтықты 9 шақырымды құрады.

Мәреде қатысушылар танымал арт-объектісі «Үлкен тиінді» тамашалап, бағалы сыйлықтар мен велосипедтерге ие болды. Соның бірін Ежебековтар отбасы ұтып алды.

— Бүгін біз бірінші рет бүкіл отбасымызбен қатыстық, осы уақытқа дейін өзім арасында келетінмін. Менің ұлымның бағы бар екен, келе салып велосипед ұтып алды. Өте қуаныштымыз. Өзім велосипед тепкенді жақсы көремін, аптасына бір рет жұмысқа барып тұрамын, — деді Виталий Ежебеков.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он екіншісі болып саналады.

 

\

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ