Мәскеуде өзбек және қырғыз азаматтары қырқысып, бір адам ажал құшты

0
0
Ресейдегі Қырғызстан елшілігі 30 шілдеде Мәскеудің Вертолетчиков көшесінде, құрылыс жүріп жатқан нысанда Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары төбелескенін мәлімдеген. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Фото: ашық дереккөзден

Басылымының мәліметінше, алдын ала сот сараптамасының ақпараты бойынша, бір қырғызстандық қаза тапқан. Ол төбелес кезінде биік қабаттан құлаған.

Ресейдің тергеу комитеті қырғыз азаматының өліміне байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысқан төрт қырғыз азаматы мен оншақты өзбек азаматы ұсталған.

Төбелес кезінде қаза тапқан қырғыз азаматының денесін бүгін Қырғызстанға жібермек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ