Мақтааралдық балалар Алматы облысындағы оқу-сауықтыру лагерінде демалатын болды

0
1

Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде тұратын оқушылар жазғы каникулды тиімді өткізетін болды. Олар Алматы облысындағы «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру лагерінде демалады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: baldauren-kapchagay.kz


Облыстық әкімдіктің мәліметінше, балалар Қапшағай қаласындағы «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа жіберілмек.

Аталған орталықта 706 оқушы үш кезеңмен тынығады. Оның 250-і күні кеше жолға шығып, лагерьге аттанып кетті.

 Жеткіншектер демалыс орындарында қосымша сабақ та оқитын болады. Бұл шаралар өз кезегінде мектеп жасындағы балалардың уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.

Сонымен қатар олардың жаңа достар тауып, тынығып қайтуына септігін тигізбек.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ