«Матч ТВ» телеарнасы Денис Тен туралы арнайы шығарылымын көрсетеді

0
1
Арнайы шығарылымның түсірілім жұмыстары Мәскеуде, Сочи мен Алматыда өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі matchtv.ru сайтына сілтеме жасап.
Фото: ашық дереккөзден
8 тамыз күні сағат 17:55-те «Матч ТВ» телеарнасында Алексей Ягудин жүргізетін «Тает лед» бағдарламасының қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге арналған арнайы шығарылымы болады.

16 жастағы Денис Тен Лондонда өткен Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы чемпионаттың ең жас қатысушысы және Олимпиадада жалғыз өнер көрсетіп финалға өткен алғаш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы болды.

Биыл 19 шілдеде ол ұрлықшылардың қолынан жарақаттанып, қаза тапты.

«Тает лед» бағдарламасының арнайы шығарылымында Денис Тенмен жақын дос болған Алексей Ягудин спортшының достарынан, жаттықтырушыларынан сұхбат алды. Олардың ішінде актер Санжар Мади, режиссер және сценарист Игорь Цай, Денис Теннің алғашқы жаттықтырушысы Елена Водорезова мен Денис Тенмен 6 жыл жұмыс істеген ресейлік мәнерлеп сырғанаудың көрнекті жаттықтырушысы Татьяна Тарасова мен басқа да мәнерлер сырғанаушылар бар.

Жаттықтырушы Елена Водорезованың айтуынша, болашақ мәнерлеп сырғанаушы мұзда сырғанауды бала кезінен жақсы көрген. Оның ең жақын досы да, менеджері де анасы болатын. Спортшы өз елімен мақтанатын және мемлекетін әлемге әйгілі есуді армандайтын.

«Денис мен үшін мәнерлеп сырғанаушы ғана емес, жақын досым болған. Біз жиі әңгімелесіп тұратынбыз. Ол менің кеңестерімді досым ретінде мұқият тыңдайтын. Мен Қазақстанға барған кезде онымен кездесіп кетуге тырысатынмын. Қайғылы жағдай орын алғаннан бір күн бұрын онымен хабарласқан едім. Мен үшін Денис Теннің құрметіне арналған бағдарламаны түсіру өте маңызды», — дейді мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионы және бағдарлама жүргізушісі Алексей Ягудин.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ