Мемлекеттік қызметкерге «Рафаэлло» сыйлаған тұрғын соттан бір-ақ шықты

0
7

Қызылжар тұрғыны мемлекеттік қызметкерге «Рафаэлло» тәттісін сыйлаймын деп, басы бәлеге қалды. Енді ол мемлекетке жарты миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Набережные челны

Мемлекеттік кіріс департаменті ақпан айында азық-түлік дүкенінің иесіне алкогольдік ішімдіктерді сатуға бір айға тыйым салған. Ветоның мерзімі халықаралық әйелдер күні қарсаңында аяқталды.

7 наурыз күні жеке кәсіпкер лицензияны қайта алуға барған кезде салық қызметкерлеріне қораптағы кәмпитті сый ретінде ала барыпты. Іскер бұл әрекетін арам пиғылмен емес, шын көңілмен жасағанын айтады. Осыған қарамастан, сала мамандары кәсіпкердің сыйлығын қабыл алмай, оны жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне апарып тапсырған.

Артынша кәсіпкердің атына әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған. Сараптама қорытындысы бойынша тарту етілген кәмпит 600 теңгеге бағаланыпты. Сот дүкен иесінің әрекетін заңсыз деп шешіп, оны жарты миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Айта кету керек, бұл оқиғаға ұқсас жемқорлыққа қатысты әкімшілік істер соңғы екі жылда тіркелмеген.

ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 676 бабына сәйкес, Петрова мемлекеттік функцияларды атқарып жатқан адамға сыйлық бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 481 000 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Егер де Петрованың сыйлығы 2 айлық есептік көрсеткіштен асса, онда бұл іс қылмыстық сотта қаралар еді», — дейді Петропавл қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Асламбек Көшенов

Ал жеке кәсіпкер болса, сыйлықты әйелдерді құттықтайын деп ұсынғанын айтып, өзін түк те кінәлі санамайтынын жеткізді. Енді ол апелляцияға арызданып, қайтсем де айыппұл төлемеймін деп отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ