Мереке күндері ауа райы қандай болады

0
4

Синоптиктер 9-13 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды UZYN.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Фото: poetree.ru

Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді.

Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді.

Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Апта соңында суық атмосфералық фронттар және Карск теңізінде қалыптасқан антициклон әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.   




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ