Ми-8 тікұшақтарын ұшыру тоқтатылды

0
3

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ми-8 тікұшақтарының ұшыру тоқтатылды, — деп хабарлайды UZYN.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: EADaily

«ҚР қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді.

Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ