Министр Шудағы пойыз апатының себебіне қатысты пікір айтты

0
0

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Астана-Алматы» бағытындағы пойыз вагондарының темір жолдан шығып кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр. Коллаж: фото primeminister.kz, видеодан скриншот

Жеңіс Қасымбек темір жол апатына себептердің барлық нұсқасы қаралып жатқанын алға тартты. Ол оқиға болған аумақта пойыз жүрісі қалпына келтірілгенін атап өтті.

«Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ресми түрде барлық материалды береміз», — дейді Қасымбек.

Сонымен қатар, ол арнайы комиссияның пойыз машинисінің әрекеті қаншалықты дұрыс болғанын тексеріп жатқанын айтады.

Еске салсақ, 17 маусым күні Жамбыл облысында «Бәйтерек» пойызы темір жолдан шығып кетіп, 11 адам зардап шеккен және 12 жастағы бала мерт болған еді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ