Министрлік азанның даусын азайту туралы қатаң тапсырма берді

0
4

Мешіттегі азанның дыбыс ырғағы 70 децибелден асырылмауы қажет деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Азан. Көрнекі фото

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне соңғы уақытта мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін бәсеңдетуге қатысты біршама өтініштер келіп түскен болатын.

«Осы тұрғыда Дін істері комитеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Дін істері жөніндегі басқармалармен бірлесіп, мешіттердегі азанның дыбыс деңгейін тұрғын үй және басқа үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды ұстауға және пайдалануға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», — деп жазылған хабарламада.

Осындай қойылған талаптарға сай, тұрғын пәтерлеріне шудың ену нормалары сағат таңғы 7.00 ден түнгі 23.00-ге дейін 55-тен 70 дБА (децибел), ал, сағат 23.00 ден 7.00-ге дейін 45-тен 60 дБА (децибел) болуы қажет.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұсынымдарын және азанның дыбыс ырғағын асырмауға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанатынын жеткізді.

«Жоғарыда айтылғандарға байланысты мешіттердің басшылығын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың нормаларын сақтауға және тұрғындарды егер олардың әрекеті қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, діни рәсімдерге түсіністікпен қарауға шақырамыз», — деп айтты министрлік өкілдері.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ