Мысырлық шипажайда туристі өлтірген акуланы іздеуде

0
2

Бірнеше қайықта отыратын сегіз адам теңіздегі акулалардың белсенділігін бақылайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Zerkalo.az

Чехиялық туристі акуланың құрбаны болғаннан кейін Мысырдағы экология министрлігі Марса Алам шипажайы маңындағы жағалауға арнайы бақылайтын топ құруды тапсырды. Бұл туралы Extra News телеарнасында қала басшысы Атеф Вегди айтты.

Шенеуніктің айтуынша, экология министрлігі бірнеше қайық пен сегіз адамнан құралған арнайы топқа теңіздегі акулалардың белсенділігін бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, жағалау мен теңізге бейнебақылау камералары орнатылды.

Болған оқиғаға қатысты құрылған комиссия мүшелері туристке шабуыл жасаған қай акула екенін әзірге анықтай алған жоқ.

Еске сала кетсек, чехиялық турист  аквалангпен жүзу кезінде жағалаудан 20 километр қашықтықта акулаға жем болған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ