Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 20 жылдығына тарту жасаған Амандық Баталовқа алғыс хат жолдады

0
39

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 20 жылдығына тарту жасаған Алматы облысы әкімі Амандық Баталовқа алғыс хат жолдады деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Ақорда

Елбасы Амандық Баталов пен облыс тұрғындарына Астананы көркейтуге үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

«Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Алматы облысы да өзіндік сыйымен ерекшеленді. Жер Жәннаты  Жетісудың тамаша табиғаты мен көрікті жерлерін көз алдыңа елестететін бұл саябақ елорданың ажарын аша түскен керемет тарту болды», — делінген алыс хатта.

Сонымен бірге, елбасы облыс әкіміне зор денсаулық тіледі.

«Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және Алматы облысының тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін», — деп жазған өз хатында Елбасы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ