Нұрсұлтан Назарбаев бақыттың не екенін түсіндіріп берді (видео)

0
5

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бақыт деген ұғымның өзі үшін қандай мәні бар екенін айтып берді. Елбасының видеосы Instagram желісіндегі AkordaPress парақшасында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан алынды
«Бақыт ұзаққа созылмайды. Ел бақыт деген мәңгілікке жалғасады деп ойлайды. Алайда бақыт — бір сәттік. Немерелерім мен балаларым кіп-кішкентай қолдарымен мойныма орала құшақтаса — сол нағыз бақыт.
Жақында Лондон университетінде бақыттың мәнін анықтау үшін зерттеу жасалғаны туралы оқыдым. 15 мың адам қатысқан зерттеуде «бақыт деген — балаларың мен отбасың» деген қорытынды жасалған», — деді Елбасы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ