Нұрсұлтан Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысты

0
1

Нұрсұлтан Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысуда. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті — Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі  парақшасында жазды.

«Қазақстанның Тұңғыш президенті жапон императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуда», — деп жазды Айдос Үкібай. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш президенті — Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген сәтінің видеосын жарияланған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ