NASA марстан органикалық молекула табылғанын мәлімдеді

0
1

Тартылған көл түбінен метан табылды. Ғалымдар газ Қызыл ғаламшардың грунт қабатында түзіледі деген пікірде, деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған Baq.kz.

АҚШ Ұлттық аэроғарыш әкімшілігі Марстан метан органикалық молекулаларының табылғанын мәлімдеді. Метанның табылуы аталған ғаламшарда тіршілік иелерінің барын растауы мүмкін. Аталған элемент туралы жаңалықты Curiosity аппараты ашты. Ол атмосфера құрамына соңғы бес жыл ішінде анализ жүргізіп келеді.

Метан деңгейі маусымға орай өзгеріп отыратыны белгілі болды – жазда өседі, қыста керісінше төмендейді. Атмосферадағы газ концентрациясы бірнеше рет өзгереді.

Метан тартылған көл түбінен табылды. Ғалымдар бұл газ түрі Қызыл ғаламшар грунтының төменгі қабаттарында түзіледі деген пікірде. Оның пайда болуына Марста микробтар мен кез келген геотермальді процестер әсер еткен болуы мүмкін.

Метанды Марсқа жерден алып барған деген пікір де бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ