Назарбаев БҰҰ миссияларына 40 әскери қызметшіні жіберуді ұсынды

0
5

Бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында «Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Қарулы күштерiнiң, әскери қызметшiлерiнiң БҰҰ миссияларына қатысу үшiн жiберу туралы ұсыныстары жөнiндегi» мәселе қаралды. Президент Үндеуiмен ҚР қорғаныс министрi Сәкен Жасұзақов таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz.

фото ашық дереккөзден

«ҚР Парламентiнiң 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15 қаулысына қаулысына сәйкес, ҚР Қарулы күштерiнiң офицерлерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi мiндеттерiн орындау үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бiтiмгершiлiк миссияларына әскери байқаушылар ретiнде жiберу жүзеге асырылады.

2014 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiн Қазақстанның 11 офицерi 12 ай бойы Батыс Сахарада және Кот-де-Ивуарда БҰҰ-ның миссияларына қатысты. Көптеген қазақстандық офицерлер бiтiмгершiлiкке қосқан үлесi үшiн медальдармен наградталды. БҰҰ басшылығы әскери қызметшiлердiң даярлық деңгейiне жоғары баға бердi және олардың санын арттыруға мүдделiк танытуда. Осыған байланысты ҚР Қарулы Күштері офицерлерінiң БҰҰ миссияларына қатысу географиясын кеңейту ұсынылады», — деп оқыды Жасұзақов.

ҚР Президентінің пайымынша, БҰҰ миссияларындағы Қазақстан әскери байқаушылары мен штабтық офицерлерінің санын арттыру халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосады.

«Осы айтылған міндеттерді шешу үшін ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ миссияларына қатысатын ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгіземін», — деген құжатта Мемлекет басшысы.

Парламент депутаттары бұл ұсынысын қолдады.

Атап өтсек, бүгiнгi отырысқа ҚР Премьер министрi Бақытжан Сағынтаев, Конституциялық кеңес, Жоғары сот пен Орталық сайлау комиссия төрағалары, Үкiмет мүшелерi, республика президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган басшылары, Президент әкiмшiлiгi, Премьер-министр кеңсесiнiң қызметкерлерi мен БАҚ қатысып отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ