Назарбаев бірнеше елдің президентімен телефон арқылы сөйлесті

0
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков және Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап UZYN. KZ.

Фото: Advantour
.

Назарбаев пен Путин екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады.

Елбасы сондай-ақ Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен де екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Көшбасшылар күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты.

Ал Беларусь президенті Александр Лукашенкомен болған әңгімеде  саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқыны аталып өтті.

Сондай-ақ, көшбасшылар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы қарсаңында Еуразия экономикалық одағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ