Назарбаев елордада 2000 домбырашының күйін тыңдады (фото)

0
7

Бүгін Астанада Ұлттық домбыра күнін тойлауға арналған ең ауқымды шара өтті. «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда 2000-нан аса адам бір мезетте домбырада ойнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл шара үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған домбырашылар алаңда толып отырды.

Ең кішкентай қатысушының жасы — 7 жаста. Оған домбыраны Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі сыйға тартқан.

Президент үлкен оркестрдің ең басты тыңдарманының бірі болды. Онымен бірге құрметті қонақтар қатарында Әділбек Жақсыбеков пен Әсет Исекешов те бар.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бұл аспаптың қазақ халқы үшін орны бөлек екенін атап өтті.

Дирижер Айтқали Жайымовтың сүйемелдеуімен домбырашылар мен музыканттар «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке Сылқым» және «Сарыарқа» күйлерін орындады.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық Домбыра күні былғы жылы алғаш рет тойланып отыр. Мерекені бекіту туралы жарлыққа президент 13 маусым күні қол қойған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ