Назарбаев футболдан Әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысады 

0
2

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Елбасы футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысып, турнирдің Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясы құрама командалары арасындағы бірінші ойынын тамашалады деп хабарлайды 24 Хабар арнасы. 

Фото: 24 Хабар

Айта кетейік, бұл шараға Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей президенті Владимир Путиннің өзі шақырды. Төрткүл дүние тағатсыздана күткен чемпионаттың ашылу салтанаты Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтті. Ізінше Ресей және Сауд Арабиясы құрамалары өзара мықтыны анықтады.

ФИФА Ресейде өтетін ойындарға қазірдің өзінде 2 миллион 400 мың билеттің сатылғанын хабарлады. Ең көп жанкүйер АҚШ-тан келді, олардың саны 88 мыңға жуық. Сонымен қатар Ресейде жүрген футбол фанаттарының саны жағынан Бразилия, Колумбия, Германия, Мексика, Аргентина, Қытай елдері көш бастап тұр. Сарапшылар мен жанкүйерлер Бразилия құрамасының шоқтығы биік дегенді алға тартады. Қазіргі чемпион — Германияның да бас жүлдеден үміті зор. Франция мен Испания да мықтылар қатарында.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ