Назарбаев Павлодар облысындағы бірқатар өндіріс ошағын аралады

0
3
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Казэнергокабель» акционерлік қоғамына және «GiessenHaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Baq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Baq.kz
Қазақстан Президенті алдымен балқытылған аллюминий және жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысына «Павлодар» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарының дөңгелектері көрсетілді.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы тоқ өткізетін кабель жасау технологиясымен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты.

Қазақстан Президентіне ішкі және шетелдік нарыққа шығарылатын дайын өнім үлгілері де көрсетілді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ