Назарбаевтың түрлі ел басшыларымен серуен құрғаны суретке түсіп қалды (фото)

0
0

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер басшысының Сочидегі жағажайда серуендеп жүрген суреті желіде тарады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Кремль сайтынан

Президенттер түскен суреттерді Кремль сайты жариялаған. Кейінірек ол Instagram желісіндегі парақшалардан да көріне бастады.

Суретте Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысынан кейін серуендеп жүрген түрлі ел басшыларын байқауға болады. Онда Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге әр ел президенттері — Ресейден Владимир Путин, Беларусиядан Александр Лукашенко, Молдовадан Игорь Додон, Қырғызстаннан Сооронбай Жээнбеков және Армения премьер-министрі Никола Пашинян да бар.

Еске салсақ, Ресейдің Сочи қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ