Нидерланды премьері парламентте кофе төгіп алып, еденді өзі жуды (видео)

0
0

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратында кофе төгіп алып, былғаған жерін өзі тазалады деп хабарлайды UZYN.KZ.

Кадр видеодан алынды

51 жастағы саясаткер қолына еденжуғыш құралды алып, тап-тұйнақтай етіп еден мен турникетті сүртті.

Осы жағдайға Түркиядағы голландиялық елші Кис ван Бек куәгер болды. Ол өзі түсірген видеоны Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

Видео авторы ғимаратты тазалаушы қызметшілердің таңданысын және премьердің әрекетіне риза болған әйелдердің қол шапалақтаған сәтін түсіріп алған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ