Ноутбук таңдауда қандай ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн?

0
2

Қазіргі әлемде смартфондармен қатар ноутбуктарға да сұраныс өте жоғары бар. Оның өнімділігінен бөлек мобильділігі де маңызды болып келеді. Екінші жағынан, планшеттер мен смартфондар сияқты девайстар белгілі бір жұмыстарға қолайсыз. Сондықтан осы жағдайда адамдар ноутбук сатып алуға шешім қабылдайды, деп жазады Massaget.kz.

Фото: Overclockers.ua

Соңғы 10 жылда нарықта мыңдаған ноутбук модельдері пайда болып, жоғалып кетті. Әртүрлі өндірушілердің модельдері бір-біріне өте ұқсас, бірақ та маңызды бөлшектері әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір ескі модельдер жаңа ноутбуктардан өнімділік жағынан басым болады. Осы да және басқа да факторлар ноутбукты таңдау кезінде белгілі бір қиындықтар тудырады.

Ноутбуктың ең маңызды бөлшектерінің бірі дисплей болып табылады. Сондықтан құрылғыны жоғары сапалы экранмен алуға тырысыңыз. Мәселен, 1200-ден 800 нүкте рұқсаты мәтінмен ғана жұмыс істеуге ыңғайлы, ал бейне редакторлар үшін экранның тұнықтығы 2560х1800 немесе 1920х1080 пиксельден төмен болмауы қажет. Бұл қаріптер мен суреттердің барынша анық болуын қамтамасыз етеді. Жақсы ноутбукте күңгірт экран болуы керек, өйткені жылтыр дисплейлер көзге кедергі келтіруі мүмкін. Енді ең озық технологияларға келетін болсақ IPS экрандары жоғары контраст пен тұнық түстерді қамтамасыз етеди. Сонымен қатар дисплейдің өлшемі де маңызды рөл атқарады. Стандартты диагональ 15,6 дюйм есептеледі, ал шағын ноутбуктар 13,3, 11,6 және 10,1 дюйм диагоналі бар матрицалармен жабдықталған. Ultrabook негізінен диагоналі 13 сантиметрді құрайды, себебі бұл өлшем мобильділік пен пайдаланудың қарапайымдылығы бойынша ең үздік деп танылады.

Процессор және RAM саны модельді таңдағанда соңғы орын емес. Жақсы процессордың жиілігі 2,0 ГГц-ден жоғары болуы шарт, алайды мұнда да чиптің буыны мен моделіне тауелді екенін атап өту керек. Бұл принцип бойынша ноутбуктың жылы жаңа болған сайын процессордің де өнімділігі жоғары болады. Сонымен қатар, құрылғы неғұрлым қуатты болған сайын, соғұрлым ол энергияны көп қажет етеді. Үздік шешім ретінде соңғы буынның төрт ядролық процессорларын алуға болады . Оперативті жадының ең аз деген көлемі — 4 Гб болуы қажет, ал егер сіз ноутбуктың өзектілігін ұзарту үшін 8 Гбайт көлемінен жоғары сатып алу қажет.

Қатқыл дискіге(HDD) келетін болсақ, мұнда бәрі қарапайым, неғұрлым көлемі көп болса, соғұрлым жақсы. Дегенмен, қатқыл дискінің өлшемі тым жоғары болғаны да дұрыс шешім емес, себебі оның көлемі жоғары болған сайын төзімділігі де төмендей түседі. 1000 ГБ-тан артық қатты дискіні сатып алудың қажеті жоқ, қосымша диск ретінде алынбалы қатқыл диск алғаны жөн. Қазіргі заманғы ноутбуктерде 500 немесе 1000 Гб кейде 250 Гб жадты дискілер жиі кездеседі. Жаңа моделді SSD дискілері жайлы ұмытпаңыз, оның көлемі аз болғанымен, өнімділігі айтарлықтай жоғары. Мәселен, жүйелі дискімен жүйе жүктемесі шамамен үш минутқа созылса, қатқыл дискілерде 10 секундтан артық емес.

Бейне картаға келетін болсақ, оның өнімділігі келесі сиппатамалар бойынша анықталады. Олар чиптің күші, өткізу қабілеттілігі және жадының көлемі. Жақсы бейнекартаның жадының көлемі өткізу қабілеттілігінен 2 есе жоғары болғаны оңтайлы. Мысалы, сыйымдылығы 512 Мбайт болса, өткізу қабілеттілігі кемінде 256 Кб/с болуын талап етеді. Бейнекартаны алмастыруға болмайды, сондықтан осы тарапта дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Көптеген адамдар ноутбук таңдауға келгенде біраз қиындықтар туады, сондықтан дұрыс шешім қабылдау үшін жақын достарыңыз бен таныстарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Осы жерде сатушыларға сенім артуға болмайды, себебі олар көп жағдайда жоспардағы сату керек ноутбуктарды сатып алуға кеңес береді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ