Нью-Йорктегі шымкенттік полиция қызметкері америкалық қызға үйленді

0
1
Нью-Йоркте полиция қызметкері ретінде танылған Қазақстан тумасы Димаш Ниязов америкалық қызға үйленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Baq.kz

Бұл туралы ол Instagram парақшасына жазды.

«Бүгін қандай ғажап күн болды. Сезімдерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл – менің өмірімдегі ең жақсы күн болғанын ғана айта аламын. Мен өзімнің ең жақын досыма айналған адамға үйлендім. Мен Құдайдан осы күні ауа райы ашық болуын тіледім, өйткені бұған дейін 3 күн бойы жаңбыр жауған. Менің тілегім қабыл болып, күндіз аспан ашық болса, кештің батуы Мауи соңғы бірнеше жылда көрмеген әдемі көрініс болды. Бұл күні мен қолдаған достарым мен отбасыма алғыс айтам!» — деп жазды Димаш Ниязов.

Еске сала кетсек, Димаш Ниязов Америкада «Нью-Йорктің ең үздік полиция қызметкері» деген марапат алғаннан кейін танымалдығы артып кетті. Ол өз кезекшілігі кезінде ең ірі наркобаронды ұстаған. Қазіргі уақытта ол кәсіби боксшы ретінде танымал.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ