Оған бәрі қарсы болған: Марқұм болған Сүлейменовтің қалыңдығы сүйгенін еске алды (фото)

0
5
Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы немересі биыл отау құрмақ болған. Айтқызбай келген ажал тосыннан алып кеткен Ескендір Сүлейменов жайлы оның қалыңдығы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ескендір сүйіктісімен. Фото: www.instagram.com/aluabekkozha

Ескендір өзі опат болған мотоциклді қоярда-қоймай жүріп алыпты. Тіпті сүйіктісінің қарсылық танытқанын да құлағына ілмеген.

«Ол бір шешім қабылдаса, өз дегенінен қайтпайтын. Үйіндегілердің де, менің де айтқаныма көнбей осы мотоциклді алды. Бірақ Ескендір өмірді жақсы көретін. Сондықтан жылдамдықты асырғанын байқамағанмын.

Фото: www.instagram.com/aluabekkozha

Тіпті көлік жүргізгенде де сақтықпен айдайтын. Сол себепті, Ескендір «аз ғана ләззат үшін өмірін қатерге тікті» деген сөзге сенбеймін», — деген Алуа Бекқожа сүйіктісінің өмірде жоқ екеніне сене алмай жүргенін айтты.

Ескендір Сүлейменов осыдан екі ай бұрын Алуаға сезімін білдіріп, үйленуге ұсыныс та жасаған екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ