Облыстық Ассамблея сессиясында Жамбыл ауданының тұрғыны сөз сөйледі

0
9

17 мамырда Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясының Алматы облысы бойынша ХХV сессиясы болып өтті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Абсеметова Алия облыстық Ассамблея жиынында. Фото:
Жұмабай Мұсабеков

Ассамблеяның облыс бойынша сессиясы өңір басшысы Амандық Баталовтың алғысөзімен басталды.

Іс-шараға Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігіне қарасты Ассамблея хатшылығының басшысы Жансейіт Түймебаев, Алматы облыстық Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, Татарстан Республикасынан, облыс өңірлерінен келген делегаттар, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары қатысты.

Шара барысында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің тұрғыны, Қазақстан халықтары ассамблеясы ХХVII сессиясының делегаты, журналист әрі көпбалалы ана Алия Абсеметова жарыссөзге қатысып, өз үнін қосты.

Аналар кеңесінің атынан келіп отырған Алия Маратқызы өзінің сессиядан алған әсерлерімен бөлісіп, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға көрсетіліп отырған әлеуметтік көмек үшін Елбасыға алғыс айтты. Ол балаларға отбасында берілетін тәрбиенің маңыздылығы туралы сөз қозғады.

Сонымен бірге, көпбалалы ана өзінің жеке тәжірибесінен мысал келтіре отырып, «Жетім балалар үйінсіз Жетісу» бағдарламасына қолдау білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ