Облыстың ауыл шаруашылығы саласына жаңа басшы тағайындалды

0
3

Алматы облысы әкімінің өкімімен Мақсұт Рамазанұлы Жапаров Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды UZYN. KZ.

Фото: zhetysu.gov.kz

Мақсұт Рамазанұлы ЖАПАРОВ 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарасай аудандық экономика бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейін Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ірлегі ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті.

2015 жылдың наурызынан – Қарасай ауданы әкімінің орынбасары.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ