Оксана Тен: Ауруханаға əкелгенде баламның жүрегінде қан болмағанын сездім

0
6

Бүгін Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша өтіп жатқан сотта спортшының анасы Оксана Тен түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сот залынан.

Фото: Sputnik Казахстан

«Мен дəрігердің отбасында өскендіктен, Денистің ауруханаға əкелгендегі жағдайын шамамен білдім. Себебі сан артериясы кесілсе, дəрігерлердің өздерінің айтуынша, ол қанды тоқтату мүмкін емес. Бұл өмірлік маңызды орган. Олар адамның тірі қалмайтынын білмеді дегенге сенбеймін. Сан тамырын байлау үшін оған жетуге уақыт керек. Ондай жарақат алған адам дəрігер үстелінде 15 минутта өліп кетеді. Ал спортшының жүрегі екі есе шыныққан. Екі есе тез жұмыс жасайды, қан жылдам айналады. Денисті аурухана əкелгенде мен шамамен білдім. Оның жүрегінде қан қалмағанын түсіндім. Қан қатты жылдамдықпен айналған кезде бəрі ағып кеткен. Менің дəрігерлерге алғысым шексіз. Олар қолдан келгенін жасады»,- деді Оксана Тен.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді.

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

25-желтоқсанда Алматының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өткен болатын.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ